Ақмола облысында ақша алған дәрігер сотталды
Ақмола облысында алаяқтық жасаған дәрігер сотталды.

Целиноград аудандық сотында қызметтік жағдайын пайдаланып, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін аудандық емхананың дәрігері М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.
Сот мәліметінше, М. 2025 жылы қазан-желтоқсан аралығында үш жігітке әскери қызметтен кейінге қалдыруға көмектесетінін айтып, ақылы қызмет ұсынып, оларды жаңылыстырғаны анықталған.
Жәбірленушілер Н., Б. және Х. М.-ның есепшотына 350 мың теңгеден аударған. Айыпталушы бұл қаражатты өз қалауына пайдаланып, оларға материалдық шығын келтірген.
Сотта М. кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп, жәбірленушілерге келген материалдық шығынды толық өтеген.
Сот үкімімен М.-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, ол 1 жылға медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.


