Қазақстанда құжаттар жеке куәліксіз рәсімделе беретін болды

Oinet.kz 06-11-2019 1172

Картинки по запросу Жеке куәлік электронды

Қазақстандықтарға eGov mobile қосымшасында жеке куәлікті электронды түрде көрсетуге мүмкіндік беретін қызмет іске қосылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай функцияны "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясының мамандары әзірледі. Құжат қазірдің өзінде Android және iOS жүйелеріндегі барлық eGov mobile қолданушылары үшін қолжетімді.

"Егер сізде жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы болмаса, оны электронды түрде ұсына аласыз. Енді құжаттарды рәсімдеу кезінде, мысалы, нотариуске барғанда eGov mobile қосымшасында өзіңіздің электронды жеке куәлігіңізді көрсетуіңіз қажет. Осыдан кейін сізге QR-кодын қолдану арқылы рұқсат беру функциясы ұсынылады. Нотариус осылайша сіздің құжатыңыздың түпнұсқа екендігіне оңай көз жеткізеді", - деп жазды компания өкілдері Facebook-тегі парақшасында.

eGov mobile қосымшасы жұмысқа, салық органдарына, елшіліктерге және басқа да ведомстволарға ұсынуға қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға мүмкіндік береді. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.   

Авторизация жасау үшін электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы және ұялы телефонның нөмірі eGov порталындағы жеке кабинетте тіркелуі қажет. Осыдан кейін мобильді қосымшаны жүктеуге болады:

сотталмағаны туралы анықтама;

жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;

аты, тегі, әкесінің аты өзгергені туралы анықтама;

неке қию немесе ажырасу туралы анықтамалар;

туу туралы анықтама;

зейнетақы қорынан көшірме және тағы басқалар.

Бейбіт Атамқұлов: «Шенеуніктер қарапайым болуы керек»
Нұрлан Нығматулин: «Барлық қаржы халықтың маңызды мәселелерін шешуге жұмсау қажет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу