Құралай Нұрқаділова әкесі туралы жылы естелігімен бөлісті

Oinet.kz 12-11-2019 21360

Заманбек Нұрқаділов қызымен.jpg

Бүгін Зәкеңнің туған күні. Осыған орай, оның қызы белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділова Инстаграмдағы парақшасында туған күн қарсаңында әкесі туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.  

Ол әлеуметтік желіге әкесі мен анасының үйлену тойына шақыру қағазын салып: 

«Дайректке жіберіпті. Үлкен рахмет! Әкемнің каллигрофия шеберлігі және суретші екенлігін жиі айтатынмын. Дәл осы шақыру қағаздағы каллигрофия - әкемнің туындысы, өз қолымен жасап шыққан шақыру қағазы. Үйде дәл осындай шақырулар болды және барлығы әкемнің өз қолымен толтырылды», - деп жазды. 

Еске сала кетейік, Заманбек екі рет отау құрды. Алғашқы отбасынан - бір қызы мен ұлы бар. Қазіргі таңда, ұлы Қайрат Нұрқаділов Алматы әкімшілігі тұрғын үй басқармасының бастығы.

Заманбек Нұрқаділов.jpg

Фото Құралай Нұрқаділованың әлеуметтік желісінен алынды

Ал, Құралай қазақстандық дизайнер, суретші, стилист, «Құралай» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының атқарушы директоры. Kazakhstan Fashion Week және Мәскеу мен Екатеринбург қалаларында өтетін сән апталығының тұрақты қатысушысы.

Мақпал Жүнісова күйеуін еске алып, оның ескі видеосымен бөлісті (видео)
Алматы облысында граната сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу