«Қыз бен теңіз» фильмі Испанияда өткен кинофестивалінде үздік атанды

Oinet.kz 25-11-2019 872

«Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әсенов Испанияның Барселона қаласында өткен Asian Film Festival кинофестивалінде отандық туындылар жүлделі орынға ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақфильм баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚЫЗ БЕН ТЕҢІЗ.jpg

Арман Әсеновтың мәліметінше, Испанияның Барселона қаласында өткен Asian Film Festival кинофестивалінде «Қыз бен теңіз» киносы «Үздік фильм» жүлдесімен марапатталды. 

«Қыз бен теңіз» фильмінде БЦП-мен ауыратын Әсел есімді бойжеткеннің өмірі баяндалады. Оның бар арманы – махаббатын кездестіріп, отбасын құру. «Арман алға жетелейді» демекші, Әсел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді. 

Бұл кинотуынды биыл Лондонда өткен Romford film festival фестивалінде «Үздік әйел адамның рөлі» (Динара Шәріпова) жүлдесімен, Башқұртстанда өткен IV «Қүміс ақбозат» фестивалінде «Әлеуметтік және мотивациялық кино» номинациясы бойынша қоғам қайраткері Каринэ Хабированың арнайы жүлдесімен және Башқұртстан Республикасының Отбасы және еңбек министрлігі атынан «Армандардың орындалуы» арнайы сыйлығымен (актер Тахир Умаровқа табысталды) марапатталған болатын. 

Сондай-ақ осы фестивальге қатысқан «Аруақ» картинасы (режиссері Хуат Ахметов) да «Ерекше» бағдарламасында «Үздік сценарий» жүлдесіне қол жеткізді. 

«Аруақ» фильмі екі кейіпкердің – Ағатай қарт пен жетім баланың кездейсоқ ұшырасуы туралы баяндайды. Қазақ киносының мэтрі, СССР халық артисі Асанәлі Әшімов осы фильмде сомдаған рөлі үшін биыл Анапа қаласында өткен «Киношок» кинофестивалінде үздік ер адам рөлі жүлдесімен марапатталды. 

Сонымен қатар, Asian Film Festival фестиваліне «Қазафильм» киностудиясы түсірген «Шыңырау» (реж. Жаңабек Жетіруов, «Саташ» (реж. Төлеген Байтөкенов) және «На грани» (реж. Алдияр Байрәкімов) қатысты. 

Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған испаниялық фестивальде Азиядағы 25 елдің 100-ге жуық фильмдері көрсетілді.

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалатыны белгілі болды
Қытайда өткен кинофестивальде «Айка» фильмі екі жүлдеге ие болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу