Қазақстанда шай бағасы 10 пайызға қымбаттады

Oinet.kz 26-11-2019 1105

Қазақстандағы төрт шайдың үшеуі импортпен келген, деп хабарлады energyprom.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Картинки по запросу шай қымбаттады

Елімізде шай бағасы биылғы 10 айдың нәтижесі бойынша былтырғымен салыстырғанда бірден 10%-ға, ал кофе 4,4%-ға қымбаттады. Қазан айында жапырақты қара шайдың бір килограмы орта есеппен 3 063,3 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қазанмен салыстырғанда 6,8%-ға қымбат. 

Қазақстандықтардың сүйікті сусыны, әсіресе Алматы, Қарағанды және Қостанай тұрғындары үшін қымбат болып отыр. 

Үш тоқсанның қорытындысы бойынша, отандық өндірушілер шай мен кофеге деген сұранысты 27,3%-ға (былтыр 29,6%) ғана өтеді. Осылайша, импорттаушылар нарықтың төрттен үшіне ие болып отыр.

Қазақстан нарығына негізінен Кения, Үндістан және Ресей елдерінен шай жеткізіледі.

Асқар Мамин: «Жұмысшыға жалақысын бермеу – жұмыс берушіге тиімсіз болу керек»
Шетелдік жұмыс күшін тартатын 95 кәсіпорынға қатысты тексеріс жұмыстары жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу