Тоқаев Қырғызстан Президентімен келіссөз жүргізді

Oinet.kz 27-11-2019 692

Қазақстан президентін "Ала-Арча" резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Тоқаев Қырғыз елі.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков Құрмет қарауылын аралап өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін "Ақсақалдар" залында шағын құрамдағы келіссөздер өтті.

Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы, сондай-ақ, халықаралық құрылымдар аясындағы көптеген мәселелерді қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, оның қазақ-қырғыз ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.

Қазақстан президенті өзінің Бішкекке жасаған мемлекеттік сапарына зор мән беретінін атап өтіп, екі бауырлас халық арасында ешқандай қарама-қайшылықтың жоқ екенін айтты.

Сооронбай Жээнбеков Қазақстан президентінің сапары екі ел қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті 2020 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.  

Батырхан Сәрсенхан ТМД елдерінің ең үздік ақыны атанды
Қостанайда 30 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу