Білім министрі әжетхананы күзетпегені үшін ұсталған мұғалімді қорғады

Oinet.kz 14-12-2019 5281

Бүгін Түркістанда қалалық полиция басқармасының мектеп ауласындағы әжетхананы күзетпегені үшін №15 мектеп мұғалімін ұстағаны туралы белгілі болды. Мұғалімді ұстау барысында қалалық полиция басқармасының басшысы, өзін "қаланың әкесімін (папа города)" деп таныстырған Данияр Мейірхан мұғалімді жақтаған топпен сөзге келіп қалды. (Осы оқиғаға байланысты видео мына сілтемеде) Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Screenshot_37.jpg

"Кеше “Малай” болған мұғалімдер, бүгін енді әжетхана күзетушісі болғаны қалып еді! Елімізде қылмыскерлер азайып, мұғалімдердерді тәрптіпке салу операциясы басталып кетіпті! Данияр Мейірхан жергілікті полиция басшысының өзі балалардың көзінше осылай мұғалімді қолын қайырып,сүйреп жүрген соң, ертең оқушылар мұғалімдерді қайдан сыйласын?

Дамыған заманда тұрамыз, заңды бұзды ма мұғалім! Хаттама толтырып қолына айыппұл төлейтінін ескертіп ұстатып кетсін. Бағынбайма жоғары жақтағы басшылыққа ескерту, тәртіп шара көру керек екенін басқарма басшысына жеткізсін!

Бәрін пафоссыз ақ істеуге болар еді!" деп жазады заңгер өз парақшасында. Ол бас полицейдің әлеуметтік желіде тікелей эфирде боғауыз сөз айтқанына шамданды. 

"Данияр Мейірхан “...”- деп боқтауға тікелей эфирде жұмыс уақытында болама сонда?

Ерлан Тұрғымбаев Түркістанда ашылмаған қылмыс көп, ал полиция мұғалімдерге қысым жасап жүр! Полиция мықты болса, әкімдерге әжетхана салдырсын! Әкімдерге, министрлерге әлі келмейтін индюк, мұғалімдерге секіріп жатыр!" 

Әлеуметтік желідегі осы белсенділіктен соң Түркістан облысының полиция департаменті ресми түрде жауап берді:

"Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы Д.Мейрханға қатысты қызметтік тексеру жүргізілуіне байланысты,ТО полиция департаменті бастығының бұйрығымен ол қызметінен уақытша шеттетілді. Болған оқиғаның мән-жайы толық аяқталғаннан соң заңды шешім қабылданады. Тексеру жұмыстары ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың жеке бақылауында" деді әлеуметтік желідегі парақшаларында. 

Осы оқиғаға байланысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында өз пікірін білдірді.

Screenshot_38.jpg

"Түркістан қаласындағы №15 мектептің мұғаліміне қатысты орын алған оқиғаға ұқсас жағдайларға мүлдем жол берілмеуі тиіс.

Білім және ғылым министрлігі тарапынан бұл мұғалімді қорғау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, аталған оқиғаға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуды талап ететін боламыз. Оның ішінде, мектеп әкімшілігі мен білім бөліміне де қатысты.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасау арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп санаймын. Егер осындай фактілер қайталанатын болса, қатаң шаралар қолданылатын болады.

Орын алған жағдайдың себептерін жан-жақты түсіну үшін мұғаліммен телефон арқылы сөйлестім. Жағдай менің жеке бақылауымда" деді министр.

Головкин бұрынғы бапкері жөнінде өз пікірін білдірді
Түркия қазағы: «Қазақстан тәуелсіздік алған кезде жүрегіміз кеудемізге сыймады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу