Оңалбай Аяшев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Oinet.kz 03-05-2019 1323

e1aa06933a337c99f29f033350e85436.jpg

Ортамызда "Атымтай Жомарт" жандардың көптігі қуантады. Солардың бірі қайырымды іске қашанда бүйрегі бұрып тұратын облыстық мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшұлы.

Күні кеше ғана Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры О.Аяшев Шардара ауданы Қауысбек Тұрысбеков ауылындағы бірқатар отбасыға қол ұшын созды. Нақтырақ айтқанда халық қалаулысы 20 жанұяға ұн, шай, қант пен өсімдік майын тегін таратты. Сондай-ақ жомарт азамат көпбалалы аналарға қаржылай сыйлық берді. 

Бірлік пен ынтымақ мерекесінде ауылдағы дін қызметкерлеріне де сый жасалды. Сондай-ақ Оңалбай Аяшев мешіт имамы мен наиб имамға бағалы сыйлық табыстады. 

Қайырымды азаматқа риза болған жұрт алғыстарын білдірді.

Дональд Трамптың үстінен іс қозғалды
Нұржан Каджиақбаров - Иманғали Тасмағанбетовтың орнын басты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу