Атырауда жоғалып кеткен екі бала өлі күйінде табылды

Oinet.kz 13-01-2020 1294

Атырауда жақын күндері жоғалып кеткен екі баланың мәйітін сүңгуірлер Перетаска өзенінен тапты. Қайтыс болған ұлдардың жасы тоғызда екен. Екеуі де бір ауылда тұрған деп хабарлайды Nur.kz-ге сілтеме берген Oinet.kz.   

Атырауда.jpg

Облыстық полиция департаменті балалардың үйлерінен 11 қаңтарда шыққанын мәлімдеді.  Төтенше жағдайлар департаменті жеткіншектер өзенге барып ойнауы мүмкін деген нұсқаны қарастыруда. Сонымен қатар, су үстіндегі мұздың әлі қатпағаны атап өтілді.  

"Іздеу жұмыстары құтқару күштерінің көмегімен жүргізілді", - деп атап өтті аймақтағы полиция. 

Сондай-ақ, сүңгуірлер де іздеу жұмыстарына қосылған.  Алғашында бір баланың өлі екені белгілі болды. Оның денесі Перетаска өзенінен шығарылған. ATRress мәліметінше, екінші баланың денесі де кейінірек өзеннен табылыпты.  

Қайғылы жаңалықты төтенше жағдайлар бөлімі жеткізді.  Басылымның мәліметінше, балалардың жоғалып кеткені туралы олардың құзырлы органдарға жүгінген ата-анасынан белгілі болды.

Түркістан: Облыста «Бақытты отбасы» бағдарламасы жандана түсті
Тоқаев жаңадан тағайындалған Оман сұлтанын құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу