Қоғам мен билік арасындағы диалогты дамытуға бағытталған телевизиялық жоба басталды

Oinet.kz 19-01-2020 910

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру аясында қоғам мен билік арасындағы диалогты дамытуға және нығайтуға бағытталған «Мәжіліс.kz« жаңа телевизиялық жобасы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Бүгін «Хабар» телеарнасында «Мәжіліс.kz» жаңа бағдарламасы басталады

Апта сайын әр жексенбіде Мәжіліс депутаттары, заң жобаларын жасаушылар, азаматтық қоғам өкілдері отандық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылайды, қандай да бір заңдарды қабылдау не үшін қажет, қазақстандықтардың өміріне олардың қалай әсер ететіні туралы әңгімелейді. Жаңа тележобаның алғашқы қонағы – Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин. Бірінші шығарылым бүгін, 19 қаңтарда, сағат 18:45-те «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.


Жанар Дұғалова Бейбіттің бетін қайтарды (видео)
Мейрамбек Беспаев Зағипа Балиеваға алғыс айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу