Қазақстандықтар бір айда шайдың өзіне 3100 теңге жұмсауда

Oinet.kz 24-01-2020 1096

Қазақстандықтар бір килограмм шайды 3000 мың теңгеге сатып алып жүр. Шайдың бағасы әлі де қымбаттауда, деп хабарлайды Stan.kz порталына Oinet.kz сілтеме беріп

5ddcbd6eeabe9595893476.jpg

Мұндай мәліметтермен ЕnergyРrom бөлісті. 

Елдегі шай мен кофе өндірісі былтырғы жылы 8%-ға төмендеп кеткен. Желтоқсан айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар бір айда шайдың өзіне 3100 теңге жұмсап отырған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 7,1%-ға көп екен. Қазақстан қалаларының арасында ыстық сусын дайындалатын шайдың бағасы Қарағанды, Алматы және Қостанайда қымбат болса, ал Ақтөбеде, Көкшетау мен Оралда арзан көрінеді. 2019 жылы Қазақстандағы шай өнідірісі 15,6 мың тоннаны құраған. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,9%-ға аз. Кейін кезде бұл бағыттағы өндірістің қызметі жыл санап төмендеп келеді екен. 

Сарапшылар алдағы он жыл ішінде қара шай өндірісі 2,2%-ға, ал көк шай 7,5%-ға өседі деп күтілуде. Бүгінгі күні әлем бойынша шай өндірісі бойынша көштің басын Кения, одан кейін Қытай бастап тұр. 

11 ай ішінде Қазақстанға 98,5 млн долларға сырттан шай сатылып алыныпты. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,8%-ға кем. 

Қазастанға шайды тасымалдайтын елдердің қатарына Кения, Үнддістан және Ресей кіреді. 

Мамандар қытайдағы вирустың қазақстандықтарға қауіпі жөнінде айтты
Президент шетелдік көліктерді елге кіргізбеуді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу