Назарбаев «Самұрық-Қазынаның» төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Oinet.kz 28-01-2020 812

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылға арналған даму қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды. Бұл туралы елбасының ресми сайтында жарияланды.

А.Есімов Қор компаниялары тобының таза кірісі 1,2 трлн теңгені құрап, бұл жоспарланған көрсеткіштен 38 пайызға артық екенін хабарлады. Қарыз жүктемесі  2017 жылдан бері 1 трлн теңгеге, ал сыртқы қарыз 5,1 млрд АҚШ долларына азайған.

Сондай-ақ, Қор компанияларының қаржылық жағдайын одан әрі жақсарту, портфельді компаниялардың IPO-ға шығуы және жекешелендіру жоспарын іске асыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Жалғас Жұмағұлов ММА спортшыларының ондығына енді
Шымкентте үш күйеуін өлтірген әйел қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу