Елбасының «аты» өшті

Oinet.kz 17-02-2023 831

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты домендік атауын  Nazarbayev.kz деп өзгертті. Бұған дейін сайттың мекенжайы Elbasy.kz болған еді.

Screenshot_4.jpg

Қазір ғаламторда Elbasy.kz деп іздесе, бірден Nazarbayev.kz сайты ашылады. 

Сонымен қатар сайттың тақырыпшасы да өзгерген. Бұған дейін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты" деп жазылған. Қазір сөйлемнен "Елбасы" сөзін алып тастаған. 

Еске салайық, 15 ақпанда мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше мәртебесінен айыратын заңға қол қойған еді. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", – деп мәлімдеді Ақорда сәрсенбіде.

Облыс әкімі халыққа күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты
Антикордың өзі арандатушы болса...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу