Динара мен Дариғаның байлығы көбейген

Oinet.kz 17-05-2023 677

Forbes Kazahstan басылымы әдеттегіше, Қазақстандағы ең дәулетті 50 бизнесменнің аты-жөндерін жариялады. Елдегі бай-бағландардың тізімін баяғыша Қазақмыстың қожайыны Владимир Ким бастады. Оның дәулеті 4,6 миллиард долларды құраған.   

Screenshot_5.jpg

Екінші және үшінші орындарды Елбасының күйеу баласы мен қызы Тимур және Динара Құлыбаевтар иеленді. Олардың әрқайсысының дәулеті 4,3 миллиард долларды құрайды. Тізімде бұдан әрі Вячеслав Ким (3,6 миллиард доллар), Тимур Турлов (3,1 миллиард доллар), Болат Өтемұратов (2,7 миллиард доллар), Ибрагимовтар отбасы (1 миллиард 320 миллион доллар) тұр. Қазақстандағы доллар миллиардерлердің тізімі осы жетеумен аяқталады.  

Атальған басылымның мәліметіне қарағанда, бір жыл ішінде  Елбасының күйеу баласы мен қызы Тимур және Динара Құлыбаевтардың дәулеті 800 миллион долларға көбейген. 

2023 жылғы 17 сәуірдегі жағдай бойынша Тимур Құлыбаев $4,3 миллиард доллар көрсеткішімен Forbes миллиардерлерінің real-time-тізімінде 636 орында тұр. Бір жыл ішінде оның дәулеті $400 млн өскен.

Құлыбаев — «Кипрос» ЖШС-ның негізгі иесі. Компания арқылы ол «Emdeu Group» ЖШС, «Joint Technologies» ЖШС, «PetroRetail» ЖШС, Viled Group, ҚТЖ-ға қызмет көрсететін «Қамқор Менеджмент» тобындағы үлестерін басқарады. «Кипрос» ЖШС құрылымына сонымен қатар әскери ұшақтарды жөндеуге мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын басты компания «Қазақстандық авиация индустриясы» ЖШС кіреді. Бизнесмен сондай-ақ, қазақстандық авиакомпания «Prime Aviation» АҚ-ның 100%-на ие. Бұдан басқа Құлыбаев Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент пен Дубайдағы жалпы ауданы 950 мың ш. кв. асатын коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысатын «Mercury Properties» ЖШС-нің бақылаушы үлесіне ие.

Ол сонымен бірге жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге «Фирма «Алмэкс Плюс» ЖШС және «Алмэкс» холдинг тобы» АҚ-на ие, соңғысы арқылы олар Halyk Bank-тың 69,52% бақылайды.

Бір жыл ішінде Динара Құлыбаеваның қаржылық жағдайы $400 млн-ға ұлғайып, $4,3 миллиардтты құраған. 2023 жылғы 17 сәуірдегі жағдай бойынша Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time-рейтингінде ол 636 орында тұр. Бір жыл ішінде Лондон қор биржасында (LSE) Halyk Bank («Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ) жаһандық депозиттік қолхаттарының құны 2022 жылғы 14 сәуірдегі 10,34 доллардан 2023 жылғы 14 сәуірде 12,16 долларға өсті. Бұл ретте, бір қолхаттың құны 40 қарапайым акцияға тең. Банктің нарықтық капитализациясы $3,3 млрд құрады.

Миллионерлердің тізімінде Елбасының үлкен қызы Дариға Назарбаева биыл бір сатыға төмендеп, 14-ші орын алды. Оның дәулеті биыл 590 миллионды құрап, былтырмен салыстырғанда 6 миллион долларға көбейген.  Дариға Назарбаева «Холдинговая компания DLS Group» ЖШС иесі. Компания арқылы оның «Регион-Медиа» ЖШС, «Дала телефабрикасы» ЖШС, «Инишиатив Медиа Казахстан» ЖШС мен «A-Service Management» ЖШС-де (Астанадағы төрт жұлдызды «Думан» отелі) үлестері бар.

Миллионерлердің тізімінде Дариғаның ұлы Нұрәлі Әлиев те бар (29 орын). Оның байлығы былтырмен салыстырғанда азайған.   Елбасының бауыры Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев та миллионерлердің тізіміне кіріп отыр. Оның биылғы дәулеті 155 миллион долларды құраған. Нұрбол Назарбаев ұзақ жылдар прокуратура, ішкі істер органдарына істеген. Алматы облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болған. Қазіргі уақытта «Prime Capital Invest» ЖШС-нің құрылтайшысы.

Әкім Пармановтан пайда болмай тұр
Мәсімовтың құпиясы ашылмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу