ШҚО тұрғыны 35 жыл бойы куәліксіз жүрген

Oinet.kz 30-01-2020 752

Шығыс Қазақстан облысында көші-қон қызметінің полицейлері 1985 жылы көшіп келген азаматқа жеке куәлік алуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

image.png

Қырғызстанда дүниеге келген 68 жастағы ер адам Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында 35 жыл бойы жеке куәліксіз жүріпті. Осы уақытқа дейін оның Фрунзе қаласының Ішкі істер органдары 1978 жылы берген КСРО төлқұжаты болған. 

«Көші-қон қызметінің полиция қызметкерлері өміріндегі қиындықтарға байланысты жеке куәлік жасата алмай жүрген адамға құжат жинасуға көмектесті. Қазір ол заңды түрде Қазақстан Республикасының азаматы атанды» - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Иран әуе кеңестігінен қайта ұшады
Аудандық білім бөлімінің басшысын облыстық білім басқармасы тағайындайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу