Еліміздегі ең жоғары жалақыны қай аймақтың тұрғындары алады?

Oinet.kz 31-01-2020 2803

Қазақстандағы ең жоғары 345,2 мың теңге көлеміндегі жалақының иегерлері Атырау облысының тұрғындары екен. Ал ең төменгі 138,1 мың теңгелік еңбекақыны Түркістан облысының тұрғындары алады. деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.

news_full1577874572907bab77e06c5679f3074128d994c238.jpg

019 жылғы IV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 203883 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2018 жылғы тиісті тоқсанына 115,8%, ал нақты жалақы индексі 109,9% құрды.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 428,3 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 402,5 мың теңге (2,0 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 373,4 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 278,0 мың теңге (1,4 есеге асты) белгіленді.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 127,3 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 37,6 %-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 345,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 138,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,3%-ға төмен.

news_full15804452613cbda3ecd47d371c67334b498e767169.jpg



Төраға латын әліпбиіне қатысты кейбір ақпараттардың жалған екендігін айтты
Токио олимпиадасына Қазақстан 100-ден астам спортшы алып барады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу