Қалаулым LIVE қатысушылары күніне 6250 теңге жалақы алғандарын айтты (Видео)

Oinet.kz 01-02-2020 8922

Тележүргізуші Мұхит Сапарбаев OYBAY SHOW жобасында "Еуразия" телеарнасындағы Qalayym Live шоуының экс-қатысушыларымен кездесіп, бағдарлама туралы көпті алаңдататын сұрақтардың жауабын білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Screenshot_5.jpg

Видедоан скрин

Экс-қатысушылар жобадан неге шығып қалғанын, енді немен айналысатынын, сондай-ақ Qalayym Live бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Экс-қатысушылар бағдарламадан нақты қанша ақша алып келгенін және сценарий бойынша жұмыс істегенін ашық айтады. 

"Бағдарламадағы болмысымыз қазіргі өмірімізге сай келмейді. Өмірге реніші бар, ажырасып келген долы әйелдің рөлінде ойнадым", - дейді қатысушылардың бірін.

Ал журналистің бағдарламадан қанша ақша алдыңдар деген сұрағына олар ашық жауап беруді жөн көрді: 

"Цифрын айту керек пе? 6250 теңге. Ең соңғы айлығымызды ешқайсымыз алған жоқпыз. Ай сайын алатынбыз. Сонда шамамен 125 мың теңгедей шығатын". 

Сондай-ақ, экс-қатысушылар бағдарламаға қатысқанына өкінбейтінін айтты. Себебі, олардың айтуынша, көбі жобаға танымал болу үшін, "абырой жинау үшін" келгенін ашық айтады.

Осыдан кейін жүргізуші ойын ұйымдастырып, экс-қатысушыларды жанжал шығаруға шақырады. Осы кезде экс-қатысушылардың ішінен Әділет пен Ұлдана есімді жігіт пен қыз таңдап алынып, олар бағдарламадағыдай ұрыс шығарады.  

Видео сілтемесі

Тәртіптік ісі жиі қаралатын Темірбаева
Білікті маман – болашақ кепілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу