Коронавирустан көз жұмғандардың саны бір тәулікте рекорд орнатты

Oinet.kz 05-02-2020 692

5 ақпан күні Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны 492-ге артты. Ауруды 24 324 адам жұқтырған, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.

news_full1580870432ed444f075228af560098bb326f09e751.jpg

Тағы 892 азамат ауруханадан шығарлыпты.  

Бір күн бұрын ауруға шалдыққандардың саны 20 мыңнан асқаны, көз жұмғандардың саны 425-ке жеткендігі жайлы айтылған еді. 

Індеттің кесірінен жан тапсырғандардың көбі қытайлықтар екен. Бұған қоса Гонконг пен Филиппинде тағы екі адам бақилық болған. 

Қытайлық дәрігерлердің мәлімдеуінше, бұдан басқа тағы 23 мыңнан астам адам дертке шалдыққан болуы мүмкін. Олармен қарым-қатынаста болған 185,5 мың тұрғын мамандардың бақылауына алыныпты.

Естеріңізге салайық, шетелдік сарапшылар қытайлық коронавирустың жаһандық індетке айналады деп болжапты. Сөздерінше, бұған себеп инфекцияның адам адамға оңай өтуі көрінеді. 

Өз кезегінде қытайлық дәрігерлер болса ел ішіндегі ауруға қарсы ем шараларында қателіктерге бой алдыртқанын мойындапты. 

Түркістанда полицей суға батып бара жатқан баланы құтқарды (видео)
492 адам көз жұмды: Коронавирус жайлы соңғы мәліметтер белгілі болды.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу