​Мархабат Байғұт: «Дүремен емес, ақылмен шешілген дүние баршамызға абырой әкелетіндігін ұмытпайық»

Oinet.kz 08-02-2020 1780

47b0e9a8-c97b-4f5d-b7a9-f5ef91b978f5.jpg

Күні кеше Қордайда орын алған келеңсіз көріністер баршамызды алаңдатып отырғаны рас. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері бірлігі бекем, татулығы тұтас болған елімде осындай жайсыз оқиғалардың айқай-шусыз, дабырасыз шешілуі тиіс. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі мәселені бақылауына алуы мәселенің әрмен қарай ушығуына жол берілмейтіндігі деп білемін. Ал, осындай сәтте біз баршамыз ел болып, бірлік пен ынтымақтықтың туын биік ұстап, мемлекет тұрақтылығы мен тұтастығының бұзылуына жол бермеуіміз қажет. Дүремен емес, ақылмен шешілген дүние баршамызға абырой әкелетіндігін ұмытпайық. Бірлік пен ынтымақ қазақтардың, барша қазақстандықтардың басты даму стратегиясы екенін естен шығармайық.

Мархабат Байғұт,

Жазушы, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері 

Қордайдағы төбелес. Үкімет комиссиясы құрылды
Қордайдағы төбелестен қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу