Асқар Мырзахметов: «Қордайдағы төбелесте қамауға алынған 44 адам босатылды»

Oinet.kz 09-02-2020 5744

1-gottoy-1.jpg

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелес кезінде ұсталған 44 адам Ауқатты ауылындағы қамаудан босатылды. Бұл туралы 8 ақпанда Жамбыл облысының әкімі Аcқар Мырзахметов баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz

Бұл адамдардың төбелеске қатыспағаны белгілі болғаннан кейін босатылды. Түнгі үште ауыл қоршауға алынған кезде полиция оларды қамаған болатын, - деді Жамбыл облысының әкімі.

Жалпы, облыс әкімінің айтуынша, түнгі төбелеске 1000-ға жуық адам қатысқан. Бұған дейін 47 адам ұсталып полиция бөліміне жеткізілгені хабарланған. 

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу және оны ұйымдастыру", сондай-ақ ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр, - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Коронавирус салдарынан көз жұмғандар саны 800-ден асты
Қордайдағы қақтығыс салдарынан көз жұмғандардың саны 9-ға жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу