Депутаттарды ояту үшін не істеу керек?

Oinet.kz 10-02-2020 1469

d62c07aeccea0bf8ec40c79bb9fea77c.jpg

Әділет министрлігінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" және "Саяси партиялар туралы" Заңдарға өзгерістер енгізуге байланысты Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, - деп хабарлайды Baq.kz сайтына сілтеме жасаған Ойнет порталы. 

Іс-шара барысында қатысушылар партиялық тізімде әйелдер мен жастарға (29 жасқа дейін) арналған міндетті 30% квота бойынша пікір таласты. 

- Мен "ысылған, әрі көпті көрген адам ғана депутат бола алады" деген пікірмен келіспеймін. Осындай маңызды жұмыспен айналысатын біздің ұлы депутаттар қалай ұйықтайтынын өздеріңіздер де интернеттен көрген шығарсыздар. Сондықтан, менің ойымша, жастарды тарту керек. Жалпы айтқанда 60, 70 жастағы бұл жолдастарды, сирек жағдайларды қоспағанда, парламент депутаттарының құрамына кіргізбеу керек. Мынау енді мүмкін емес қой. Олар шаршаған адамдар. Өзінің бай тәжірибесімен басқа нәрсемен шұғылдансын, - деді "Келісу" медиаторлар одағының директоры Сара Ыдырысова.

Осыған қоса ол депутаттар ұйықтамай, жұмысты жақсы істеуі үшін не керек екенін айтты. 

- Егер депутаттардың жалақысы төмендетіліп, жеңілдіктері алынып тасталса, онда Парламенттің кәсіби деңгейі бірден артады. Сол кезде ғана бұл жұмысқа жүрек қалауымен өз мемлекеті үшін жұмыс істегісі келетіндер барады. Олар пайда мен артықшылық үшін сайланбайтын болады, - деді Сара Ыдырысова.

Қордай ауданындағы тәртіпсіздік туралы айтылды
Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Қордайда зардап шеккендерге аударды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу