Мысыр елі үшін басты қауіп халық санының артуы

Oinet.kz 13-02-2020 862

Мысыр елінің халық саны 100 миллионға жетті. Бірақ, Мысыр билігі бұл жаңалыққа қуанбайтын секілді. Елдің саяси басшылығы мен экономистері бұл жетістік алаңдаушылық туғызатын жаңалық екенін айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап Oinet.kz. 

Traditsii-i-oby-chai-v-Egipte.jpeg

Деректерге сүйенсек, аталған елде жыл сайын екі жарым миллион сәби дүниеге келеді. Билік тіпті, туу дамуын тежеу үшін "екеу жеткілікті" деген науқан жүргізіп келеді.

Мысырда халық саны өскенмен, араб және Африка елдерінің көбі тұрғындарын баспана және лайықты жалақымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ екен. Елде тұрғын үймен бірге мектеп, аурухана мәселесі де өзекті.

"Біздің мемлекеттің алдында тұрған ең өткір мәселенің бірі - халық санының артуы. Оны өте қауіпті деп те айтуға болады. Себебі қандай да бір экономикалық жоспар құрылғанымен, халық санының өсуі, оған еш нәтиже бермейді", - дейді Мысыр ұлттық мобилизация және статистика орталық бюросының басшысы Хайрат Баракат.

Бақытжан Сағынтаев оқушылардың өліміне қатысты тергеу барысын өз бақылауына алды
Қазақстандағы ең «жемқор» 5 министрлік белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу