Жамбылға Сапарбаевтың артынан тағы кімдер келе жатыр?

Oinet.kz 18-02-2020 760

3fad77822cec0a010d557f21e7c5e480.jpeg

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Ержан Жылқыбаев тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі хабарлады.

Жылқыбаев Ержан Жұматұлы 1982 жылы туған. Білімі – жоғары. 2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша, 2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономика департаментінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік активтер басқармасының саясат департаментінің бөлім бастығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары, ШҚО Семей қаласы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (Жамбыл облысына жетекшілік етті), Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауызымдарында болған.

2019 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарып келді.

Бұған дейін де жазғанымыздай, Ержан Жылқыбаев Бердібек Сапарбаевтың ең сенімді кадрларының бірі саналады. Сапарбаев Жамбылға тағы біраз кадрларды алып келіп,  Асқар Мырзахметовтың соңынан келген біраз қызметкерлер креслоларын босатуы мүмкін.   


Экономикадағы квазимемлекеттік сектордың үлесі азаймай тұр - Есеп комитеті
Алматылық липосакция жасатпақ болған әйел қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу