Қаржы пирамидаларының жарнамасына қатысқан эстрада жұлдыздарынан жауап алынады

Oinet.kz 26-02-2020 761


maxresdefault.jpg

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов халықты алдаған қаржы пирамидаларын жарнамалаған эстрада және спорт жұлдыздарының әрекетіне қатысты түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 


«Жақын арада қаржы пирамидаларының жарнамалық қызметіне қатысқан эстрада жұлдыздарынан жауап алынады. Жалған ақпарат тарату, қаржылық пирамидаларды жарнамалағаны үшін заңнама бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, оны тергеу барысында тексереміз», - деді департамент басшысы. «Шоу-бизнес жұлдыздары қылмыстық әрекеттерді, қылмыстық ұйымдарды жарнамалап отырғанын нақты білуі тиіс. Бұл ұйымдар біздің азаматтардың ақшасын жымқыру үшін құрылған. 

Шоу-бизнес жұлдыздары қылмыстық әрекеттерді, қылмыстық ұйымдарды жарнамалап отырғанын нақты білуі тиіс. Бұл ұйымдар біздің азаматтардың ақшасын жымқыру үшін құрылған», - деді С. Әділов.




Адамзаттың толықтай жойылуы туралы шындық ашылды
Дулат Ағәділдің артында 6 баласы қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу