Түлкібаста саятшылық өнер насихатталды

Oinet.kz 27-02-2020 1264

6b7aee8c-3d4c-4b4c-ae9e-14a040cddbb0.jpg

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жылдағы дәстүрлі «Салбурын-мереке ғой саятшыға» атты іс-шара биыл жаңа форматта өтті. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Салбурын - аң аулау яғни қыстың маусымы кезінде аңшылар топталып, аңы мол жерлерге сапар шегеді. Жақсы ат, қыран бүркіт, түзу мылтық – бәрі бірдей сайланады. Олардың ішінде әнші, күйші, жыршылар да болған. 

Осы орайда, ата-бабамыздан қалған дәстүрді кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында саятшылар мерекесін бұл жолы Әл Фарабидің  1150 жылдығы және Ұлы ойшыл, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойымен ұштастырылған түрде көркем сөз шеберлерінің байқауы ретінде ұйымдастырылды.  

Шарада алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов,       

-Біз бүгін ауданымызда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында  ұлттық салт-дәстүрді бұқара халық арасында насихаттау, дәріптеу мақсатында «Салбурын — мереке ғой саятшыға» атты көркем сөз оқу шеберлері байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасына қатысып отырмыз.

3b0194e7-db64-41c8-b604-8a6ea72af9c5.jpg     

Соңғы екі жылдан бері өңіріміздегі әрбір ауданның табиғи ерекшеліктеріне сай түрлі іс-шаралар өткізіліп, аудан тұрғындарының рухани кемелденуіне ерекше серпін берілді. Өздеріңізге мәлім биылғы жыл Ұлы ақын Абай Құнанбайыұлының 175 жылдығы және Әл-Фарабидің 1150 жылдығы. Осы орайда, биылғы жылы Салбурын мерекесін Ұлы тұлғалардың мерейтойымен ұштастырылып жаңа форматта өтіп отырғаның айтып, байқау жеңімпаздарына аудан әкімінің алғыс хаты мен сертификаттар табыстады.   

Байқаудың қорытындысымен: 

- Жүлделі ІІІ орын Абдалиева Асмира ,

- Жүлделі ІІІ орын –Топанбай Мейірхан,

- Жүлделі ІІ орын-Кеңесбай Алуа ,

- Жүлделі ІІ орын –Күндебай Нұрсезім,

- Жүлделі І орынмен –Бекеев Мағжан иеленді.

Мерекелік шара барысында көрермендерге саятшылық дәстүрі мен ұлы тұлғалардың өмір жолына қатысты көрме ұйымдастырылып, облыс және аудан өнерпаздары тарапынан ән-шашулар тарту етілді.  

Сауд Арабиясы қажылыққа келушілерге тыйым салды
Димаштың суреті Нью-Йорктегі атақты жұлдыздар галереясына қойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу