Коронавирус тағы 4 елге жетті

Oinet.kz 05-03-2020 782

Қытайдан тыс жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңға жетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

© REUTERS

Қытайдан тыс жерде вирус жұқтырғандар саны 12668 адамға жетті. Бұл - 76 елде тіркелген көрсеткіш. Соңғы бір тәулікте 2103 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал Қытайдан тыс жерде қаза тапқандар 214-ке (бір тәулікте 48) жетті. 

Вирус тағы төрт елге тарады, олардың ішінде Аргентина, Чили, Польша мен Украина бар.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша, Қытайда вирус жұқтырғандар саны - 80 422 адам (бір тәулікте 120). 2984 адам қайтыс болған (бір тәулікте 38). Әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 93 090 адамға (бір тәулікте 2223) жетті.  

Серікжан Біләш: «Фейсбукті Қытайдың интернет армиясына беріп қойыппыз»
Алматының бас имамы діни рәсімдерді өткізбеуге кеңес берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу