Аймағамбетов Дархан Базарбаевтың өліміне қатысты жауап берді

Oinet.kz 05-03-2020 1313

Кеше Қостанай облысында жаңа онлайн форматта облыстық ПД басшысы Бекет Аймағамбетов тұрғындарға есеп берді. Кездесу барысында басшыға пышақ жарақатын алған Дархан Базарбаевтың өлімін болдырмау мүмкін бе еді деген сауал қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

image.png

Сауалға жауап берген Бекет Аймағамбетов кезекші бөлімге отбасылық жанжал туралы хабарлама түскенін айтты. Оқиға орнына бірден екі қызметкер аттанған. Олар шақырту түскен жерге үш минутта жеткен.

Департамент басшысының айтуынша, осы сәтте ер адам есікті сындырып, туыстарының бәрін өлтіремін деп қорқытқан. Оның қолында пышақ пен шеге суырғыш болыпты.

Мұндай көріністі көрген жігіттер қызметтік көлікке келген. Олардың бронды кеудешесі болған, алайда қызметкерлер оны киіп үлгермепті.

Аймағамбетовтың айтуынша, олардың бірі дубинканы, екіншісі газды тапаншаны алған. Бәрі өте тез болған. Қызметкерлер үйге жүгіріп барған сәтте қылмыскер туыстары тұратын үйге кіріп алған.

"Дархан оны аяғынан шалған. Екіншісі газды тапаншаны қолданды. Осы қарбалас кезінде қылмыскер өмірлік маңызы бар ағзаға пышақ сұғып үлгерген", - деді өңірлік полиция басшысы.

Оның сөзінше, Базарбаев жараланғанын байқамаған. Ер адамды ұстап, үйден шығарған сәтте ғана полицейдің қанын бәрі көрген. Қызметкер жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен.

Бекет Аймағамбетовтың айтуынша, тәртіп сақшыларының іс-әрекеттері заңды деп танылған. Олар осы жағдайда ер адамды заңға сай ұстаған. Табельдік қару қолданған жағдайда оқ үйдегілердің біріне тиіп кетуі мүмкін еді.

Сондай-ақ ведомство басшысы марқұм қызөметкердің туыстарымен сөйлескенін айтты. Базарбаевтың жақындары жас жігіттің осындай қауіпті мамандықты өзі таңдағанын жақсы түсінеді.

Еске сала кетейік, Дархан Базарбаев осы жылдың 19 қаңтарында қызметін атқару кезінде қаза болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Базарбаевты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады.

Дәурен Абаев: «Митинг заңды түрде, айқай-шусыз өтуі қажет»
Анасы бар, тірі жетім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу