Кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріліп жатыр

Oinet.kz 12-03-2020 959

Шымкентте 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) бойынша 19 587 отбасыдан немесе 98 313 адамнан өтініш қабылданып, 15 833 әлеуметтік көмек тағайындалды, 2 378 өтініші кері қайтарылды.

52dc97f9-f075-4c33-9d66-93d3559e3c12.jpg

Қаңтар айына 9068 отбасыға (шартты – 6 363 отбасы, шартсыз – 2705 отбасы) 455 млн.теңге төленді. Ақпан айына 15 727 отбасыға (шартты – 12 127 отбасы, шартыз – 3 600 отбасы) 983 млн.теңге төленді. Сонымен қатар, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тәртібі бойынша тағайындалған отбасылардың балаларына «кепілдендірілген әлеуметтік топтама» ұсынылуда. 

756c3ee8-8dcc-418a-bc83-27127ec60994.jpg

Шымкент қаласы бойынша «Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы» «Magnum» ЖШС-нің 4 ірі сауда орталықтары арқылы берілуде.

c81ce3ce-e36e-4d84-a096-9a80a535ca17.jpg

Олар:

1. Шымкент филиалы 1 Шымкент қаласы, Әл Фараби ауданы, Айтеке би көшесі, Володарский көшесімен қиылысқан, «Жамалбек-Кажы» сауда орталығы.

2. ШФ 2 Шымкент қаласы, Енбекші ауданы, Ж. Шаяхметов 5 «А» ғимаратында орналасқан.

3. ШФ 3 Шымкент қаласы, Әл Фараби ауданы, Байдібек Би көшесі №25, Nauryz park сауда орталығында.

4. ШФ 4 Шымкент қаласы, Абай ауданы, Бекжан Комфорт сауда орталығында.

Бүгінгі таңға 8 891 отбасының 15 949 балаларына 1-3 жас және 3-6 жас аралығындағы балаларға арналған қаңтар айының азық-түлік топтамасы берілуде.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындардың «Magnum» сауда үйінің сайтына (magnum.kz) кіріп, ЖСН енгізу арқылы жиынтықты қай жерден алып кетуге болатынын біле алады.

Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік тегін оқытуға шақырады
Доллар 402 теңге болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу