Тобыл қаласындағы аурухананың коронавирусқа байланысты жабылғаны рас па

Oinet.kz 13-03-2020 1524

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Тобыл қаласындағы аурухананың жабылуы туралы ақпаратты теріске шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

image.png

Әлеуметтік желілерде Тобыл қаласындағы (бұрынғы Затобол – автор) орталық аурухананың коронавирусқа байланысты уақытша жабылғаны туралы бейнежазба тараған. Алайда ресми орган мұны жоққа шығарды.

"Біздің облыста коронавирус жағдайы тіркелген жоқ. Орталық аурухана жоспарлы түрде жұмыс істеп тұр. Жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабы бойынша жауап береді", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Әлеуметтік желіде жарияланған видео бойынша облыстық полиция департаменті зерттеу жұмысын жүргізген. Тексеру нәтижесінде бұл Қостанай өңірінің ауруханасы емес екені анықталған.

Тобыл қаласы орталық ауруханасының бас дәрігері Сырлыбек Мещанов жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін полицияға жүгінген.

Алматы облысында тұрғындарға боқтық сөз жаудырған әкім қызметінен кетті (видео)
Коронавируспен ауырған ер адамдар бедеулікке шалдығуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу