Коронавируспен ауырған ер адамдар бедеулікке шалдығуы мүмкін

Oinet.kz 13-03-2020

COVID-2019 коронавирусы ауырып жазылған ерлерде бедеулік тудыруы мүмкін. Мұндай тұжырымға Тунцзи медициналық колледжінің қытайлық репродуктивті медицина орталығының мамандары келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Global Times-тің хабарлауынша, коронавирус тестикулға зақым келтіруге қабілетті.

Осыған байланысты ғалымдар балалы болғысы келетін және жыныстық өмірінің сапасын сақтағысы келетін коронавирусты жұқтырған ер адамдарға арнайы сынақтардан өтуді ұсынады.

Бұл ретте ешқандай зерттеулер жаңа коронавирус еркек сперматогенезіне әсер ететінін растамады, деп хабарлайды Ura.ru.

Еске сала кетейік, Қытайда коронавирус жұқтырған ең алғашқы адам желтоқсанда емес, қарашаның 17-сінде тіркелгені туралы хабарлады.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жаңа коронавирустың таралуы пандемия кезеңіне жетті, өйткені көптеген елдер мен барлық континенттер зардап шекті деп мәлімдеді.

Тобыл қаласындағы аурухананың коронавирусқа байланысты жабылғаны рас па
Тоқаев: «Әлем экономикалық ахуалды қайта өзгертудің күрделі кезеңіне аяқ басты»

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×