Ақмола облысында ерлі-зайыптылардың денесі үйіндегі төсектен табылды

Oinet.kz 16-03-2020 1335

Ақмола облысында сот медициналық сарапшылар екі адамның өліміне не себеп болғанын анықтап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Картинки по запросу "нашли мертвыми"

Бұланды облысы әкімдігінің хабарлауынша, демалыс күні Макинск қаласындағы жекеменшік жер үйде ер адам мен әйелдің денесі табылды.

Бұл күдікті жайтты көршілері алғаш байқаған. Себебі соңғы бірнеше күн бойы үйден ешкім шықпаған әрі онда ешкім кірмеген көрінеді.

Оқиға орнына жеткен полиция төсек пен диванда жатқан 38 жастағы ер мен 50 жастағы әйел адамның денесін тапқан. Олар азаматтық некеде болған.

Қайтыс болғандардың денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталмады.

Алдын ала тексеру нұсқасы бойынша, олар баллоннан шыққан газдан уланған.

Үйде пропанның ащы иісі сол күйі кетпеген. Оқыс оқиға үй иесі тамақ әзірлеп жатқанда орын алуы ықтимал. От сөніп, газ шығуын тоқтатпаған болуы мүмкін.

Қазір қайтыс болғандардың денесі сот медициналық сараптамасына жөнелтілді.

Коронавирус жұқтырған әйгілі ресейлік спортшы ауру белгілері жайлы айтып берді
Әлеуметтік желіде «дұрыс жөтелу» челенджі тарап жатыр (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу