Гүлнара Каримова 13 жыл 4 айға сотталды

Oinet.kz 18-03-2020 1054

Өзбекстанда Ташкент қалалық қылмыстық сотында Гүлнара Каримова мен оның сыбайластарына қатысты сот ісі аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

VBfhfCzrXvA5_smi-informiruiut-ob-ubiistve-gulnary-karimovoi.jpg

Өзбекстан Жоғарғы сотының хабарлауынша, Гүлнара Каримова 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеу мерзімі 2015 жылдың 21 тамызынан басталады.

Қалған айыпталушыларға да қылмыстарының ауырлығы мен қоғам үшін қауіптілігіне байланысты тиісті жаза тағайындалған. Атап айтқанда, Каримованың бес сыбайласы 5 жылдан бастап 20 жылға дейін түрмеде отырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ беттерінде Гүлнара Каримова өзбек көшбасшысына өзіне қатысты қылмыстық істі тоқтатып, бостандыққа шығу туралы өтініш жасағаны хабарланды. Қарымта ретінде Каримова 686 миллион доллар болатын барлық активін бермек болған.

Хат Каримованың қызы Иманның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған. Өтініште егер мәселе дұрыс шешілген жағдайда мемлекет ұтатыны айтылған. Яғни, Каримова беретін ақшаны білім, медицина және басқа да салалардың дамуына жұмсауға болады.

Айта кетсек, Ұлыбританияның ірі алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (SFO) Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнараның мүлкі мен активтері туралы материалдар жариялаған еді.

Назарбаев коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлді
Маска сатып алмақ болған Өскемен тұрғыны алаяқтар арбауына түсіп қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу