7 науқастың бәрі бұрын ауырғандармен байланыста болған – Диас Ахметшәріп

Oinet.kz 19-03-2020 910

Коронавирусты жұқтырғандар 25-52 жас аралығындағы тұрғындар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған 7 науқастың бәрі бұрын ауырғандармен байланыста болған – Диас Ахметшәріп

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тағы 7 науқас тіркеліп отыр. Олардың бәрі Қазақстан азаматтары. Жастары 25-52 аралығында. Бәрі бұрын ауырған адамдармен байланыста болған. Қазір олар стационарда. Карантинде емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелгені осыған дейін хабарлаған едік. Осы сағатта коронавирус жұқтырғандардың саны Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 25 адам болып, ел бойынша жалпы 44 науқасқа жетті.

Ақтөбеде бір адам көз жұмды
Зарема Шәукенова: «Елбасы әлемдік деңгейдегі саясаткер»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу