Министр кімдерге үш ай кредит төлемеуге болатынын айтты

Oinet.kz 27-03-2020 1849

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев кімдерге үш ай кредит төлемеуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктер мен мироқаржы ұйымдармен біріге отырып, халыққа көмек көрсету үшін шаралар қабылдады.

"Борышкерлерге 16 наурыздан 15 маусымға дейін төлем жасамауына болды. Мысалы, карантинге байланысты жұмысынын айырылғандар, ақысыз еңбек демалысына шыққандар немесе жалақысы тоқтатылып не болмаса төмендеген жағдайларда", - деді Абаев "Хабар 24" эфирінде.

Оның айтуынша, мұның барлығы елде төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты жасалып отыр.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың, ресми түрде жұмыссыздардың тізімінде тұрғандар мен әлеуметтік әлсіз топтардағы адамдардың қосымша құжаттарсыз-ақ төлемді кейінге шегере алатыны айтылады

Коронавирус тарап жатқанда 435 мың қазақстандық шет елдерге шыққан
Коронавирустан қорғайтын білезік пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу