Түркістан: Департамент қызметкерлері бүлдіршіндерді медициналық құралдармен қамтамасыз етті

Oinet.kz 30-03-2020 939

Screenshot_13.jpg

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев күллі әлем жұртын әбігерге салған коронавирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай жариялап, сақтық шараларын күшейтуді тапсырғаны белгілі. 

Осыған орай, бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері   Арыс қаласындағы "Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының"  бүлдіршендерін жұқпалы індеттен  қорғайтын арнайы мединалық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етті. 

Screenshot_12.jpg

Screenshot_11.jpg

Жалпы саны 63 жас өскінді өз қамқорлығына алған Департамент қызметкерлері көп қолдануға жарамды   320 дана бетперде мен 50 литр антисептикалық сұйықтықтықты табыстап,   балалар ауылының бүлдіршіндеріне сақтану шараларын қатаң ұстану қажеттігін  түсіндірді.  

Қызылтаяң шақта үрей мен үміттің бел ортасында жүрген жасөспірімдерге қоғам болып қолдау көрсетуді көздеген Департамент ұжымының бұл игі бастамасы сәуір айында да өз жалғасын табатын болады.

Ордабасыда 105 мұқтаж отбасыға тегін азық-түлік таратылды
Министр: «Дәрігерге коронавирус жұқтырып ауырса 2 млн, қайтыс болса 10 млн теңге төленеді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу