Өскеменде коронавирус жұқтырған зейнеткер 198 адаммен байланыста болған

Oinet.kz 03-04-2020 1144

Өскемен қаласында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200318071816915a3626359i.jpg

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, жұқпалы індетке 1938 жылғы әйел адам шалдыққан. Ол дәрігерлерге 1 сәуір күні өзі жүгініпті. 

- «Науқас бірден ауруханаға жеткізіліп, рентгенологиялық зерттеулер жасалды. Оған «пневмония» диагнозы қойылған. Пациенттен коронавируске қатысты алынған сынама оң нәтиже көрсетті», - дейді ол. 

Басқарма басшысының сөзіне сенсек, зейнеткер қаңтар айында Ресейге барып келген. Қазіргі уақытта науқаспен байланыста болған 198 адам анықталып отыр. Олардың барлығы оқшауланды. Айта кетейік, осымен ШҚО-да коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелді. Бұған дейін Мысырдан демалыстан келген Семей қаласының 2 тұрғынынан вирус анықталған болатын.

Назарбаевтың «Birgemiz» қоры 150 мың қазақстандыққа 50 мың теңгеден береді
Елімізің 3 облысында коронавирус дерегі тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу