Масалар мен шыбындар коронавирус инфекциясын тарата ма?

Oinet.kz 06-04-2020

Жәндіктер саласындағы мамандар мен энтомологтар шыбын мен масаның коронавирус инфекциясын таратуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді. Айта кетсек, күн жылынған соң бұл тақырып өзекті болып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

image.png

Константин Китаев есімді энтомологтың айтуынша, аспан асты елінің сарапшылары қан сорғыш жәндіктердің вирус таратпайтынын анықтаған. Адамдар бұл жағынан уайымдамаса да болады деп жазады Ura.ru. 

Жәндіктер саласы бойынша екінші бір маман Юлия Ловцованың сөзінше, масалар расымен де бірнеше қауіпті ауруды тарата алады. Алайда дәл қазіргі уақытта олардың коронавирус тасымалдайтынына еш айғақ жоқ. Егер жануарлар туралы айтар болсақ, ғалымдар әзірге олардың вирусқа қаншалықты төзімді екенін анықтамаған. 

Еске сала кетсек, мамандар коронавирус шаш арқылы жұға ма деген сауалға жауап берген еді. Сарапшы-эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирустың адам шашы арқылы таралуы мен жұғуын жоққа шығарды. Айтуынша, вирусты қолды жумау арқылы жұқтырып алу оңайырақ. 

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде 584 адамнан коронавирустық инфекция анықталды. Вирустан 6 адам көз жұмды.

Коронавирусты бір күнде 82 мың адам жұқтырды
Коронавирус жұқтырған меддбике: «Бұл ауру оқ жарақатынан да ауыр»

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×