Коронавирусты бір күнде 82 мың адам жұқтырды

Oinet.kz 06-04-2020 857

Бір тәуліктің ішінде әлемде 82 061 адам коронавирус жұқтырған, ал 5798 адам қайтыс болған. Бұл туралы ДСҰ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме  берген Oinet.kz.

orig.jpg

Ұйымның мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 1 133 758 адамға жеткен. Ал пандемиядан 62 747 адам көз жұмған.

Ұйымның хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі Еуропада - 621 407 адам. 

Сондай-ақ, ДСҰ коронавирус кезіндегі айқын белгілерді атады, бұл - қалтырау және дене қызуы 38 градустан жоғары болу. Вирус жұқтырғандардың 90 пайызында осы белгілер байқалған. 

Түркиядан келген 102 адамнан коронавирус анықталмаған
Масалар мен шыбындар коронавирус инфекциясын тарата ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу