Коронавирус жұқтырғандар саны 961-ге жетті

Oinet.kz 13-04-2020 922

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам анықталды. Олар еліміздің әр өңірінен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 13 сәуір 09.00-дегі эпидемиологиялық жағдай: Коронавирус табылған 10 адамның біреуі Қызылорда облысында, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі Алматы қаласында тіркелген. 

Осы сағатта: 

Нұр-Сұлтан қаласы – 253 

Алматы қаласы – 172 

Шымкент қаласы – 38 

Ақмола облысы – 71 

Ақтөбе облысы – 11 

Алматы облысы – 21 

Атырау облысы – 59 

Шығыс Қазақстан облысы – 6 

Жамбыл облысы – 46 

Батыс Қазақстан облысы – 9 

Қарағанды облысы – 65 

Қостанай облысы – 3 

Қызылорда облысы – 119 

Маңғыстау облысы – 10 

Павлодар облысы – 10 

Солтүстік Қазақстан облысы – 25 

Түркістан облысы – 43 

Қазақстан бойынша барлығы 961 адам. Олардың 99-ы жазылып шықса, 10 адам COVID-19 инфекциясынан қайтыс болды. 

Өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында тіркеліп отыр. 

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, Жер бетінде коронавирустан көз жұмғандар саны 106 мыңнан асқан. 

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпаратына сәйкес, соңғы тәулікте COVID-19-дан 6 946 адам қайтыс болып, ауру жұқтырудың 90 787 жаңа фактісі анықталған. 

АҚШ-тың барлық штатында тарихта алғаш рет «ірі апат» жарияланды
Ғалымдар коронавирустың таралуына қарсы дәріні тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу