Екі аптада әкесі, анасы және қарындасы коронавирустан қайтыс болған

Oinet.kz 14-04-2020 2032

Англияның Бертон-апон-Трент қаласы Стаффордшир графтығында екі апта ішінде бір отбасының үш мүшесі коронавирустан қайтыс болған, деп жазады Tengrinews.kz.

image.png

Дереккөз мәліметінше, 62 жастағы Джейн Харвидің ата-анасы - 84 жастағы Кит Маквикар мен 82 жастағы Джин COVID-19-дан қайтыс болған. Екі аптадан соң вирустың белгілері олардың қызынан байқалған. Қыздың 60 жастағы ағасы Ричард Facebook желісіндегі парақшасында қарындасының коронавиуспен қалай күрескенін жазған екен.

11 сәуірде ол қарындасының да осы вирустан қайтыс болғанын хабарлап жазды.

"14 күнде отбасымнан айырылдым. Жүрегімді қақ айырып алған сияқты", - деп жазған Ричард.

«Үйленгенімізге 50 жыл»: Болат Назарбаев махаббаты жайлы жан сырын ақтарды (видео)
Режим работы - форсированный
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу