Алматы сары аймаққа өтті

Oinet.kz 04-07-2022

Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ербан Байтанаев айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_14.jpg

Бұған дейін  елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, республика аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің “сары” аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керектігі туралы шешім қабылдаған:

  • Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;

  • COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;

  • Жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;

  • 10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.

Қарындасын зорлаушыдан құтқармақ болған аға абақтыға қамалды (видео)
Полицейлер 11,5 миллион теңгеден астам шығын келтірген браконьерлер тобын ұстады


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×