Bek Air әуе кемелері сертификаттарынан айырылды

Oinet.kz 17-04-2020 738

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Бэк Эйр" АҚ-ның пайдаланушы және әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарын қайтарып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

image.png

Азаматтық авиация комитеті әуекомпанияның пайдаланушы сертификаты олардың жіберген бұзушылықтарды жою туралы нұсқауларды орындамауына байланысты кері қайтарып алынғанын мәлімдеді. 

Сонымен қатар, Bek Air АҚ Fokker әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарын да кері қайтарды. ААК ақпаратынша, компания иелігінде аталмыш маркалы тоғыз ұшақ бар. 

Пайдаланушы және жоғарыда көрсетілген әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттырын алу үшін әуе компания қайтадан толық сертификаттау рәсімінен өтуі қажет. 

Азаматтық авиация комитеті бұған дейін авиациялық әкімшілік бас көліктік прокуратурамен біріге отырып, "Бек Эйр" АҚ-да тексеріс жүргізгенін мәлімдеді. Мамандар әуекомпаниясында ұшу қауіпсіздігіне елеулі түрде әсер ететін бірқатар бұзушылықтар анықтаған. 

Еске сала кетейік, 27 желтоқсан күні Алматыда орын алған жантүршігерлік ұшақ апаты барша қазақстандықтарды дүрсілкіндірді. 

Анықталғандай, әуе кемесі әуежай маңында құлап, бетондық құрылысты қиратып тастады. Оқиғадан он екі адам қаза тапты. 

Павлодарда такси жүргізушісі бойжеткенді соққының астына алған (видео)
«Қазақстан түймедейді түйедей етті» - Қытай сайттары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу