Тоқаев: «Елімізде COVID-19 өзінің шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ»

Oinet.kz 20-04-2020 813

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда COVID-19 - жаңа вирустық инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп жатқанын, бірақ геометриялық қарқынмен емес екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

- "Қазақстанда COVID-19 - жаңа вирустық инфекциясын жұқтырғандар саны өсуде, бірақ геометриялық қарқынмен емес. Бұл қабылданған шешімдердің дер кезінде қабылданғанын білдіреді. Бірақ індет өзінің шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ. Мен азаматтардан карантин режимін сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметкерлерге, волонтерларға алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне де назар аудару керек", - делінген жазбада.

«Құмырсқа сияқты»: Полициядан қашқан астаналықтар елді күлкіге қарық қылды
«COVID-19-ды ойлап тапқан» адамның кім екені белгілі болды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу