Министр 42 500 теңге неге барлық адамға бірдей берілмейтіндігін айтты

Oinet.kz 20-04-2020 1029

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемі барлық азаматқа бірдей төленбейтіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

image.png

- «Неге 42 500 теңге барлық азаматқа бірдей берілмейді? Енді осыны түсіндіріп берейін. Төтенше жағдайға байланысты Үкімет тарапынан біраз көмек қарастырылды, қарастырылып жатыр да. Бір жағынан несиелер, салықтар, қарыздар шегерілді. Зейнетақы мен жәрдемақы тоқтаған жоқ. Олар қайта ұлғайды. Жаңа қаражат төленгенге дейін сәуір айын төлеп қойғанбыз. Сондықтан зейнетақы мен жәрдемақыны көтерілген мөлшерін мамыр айында сәуірдегі қосылған үстемемен бірге төленеді. Халықтың әлжуаз топтарына коммуналдық шығындарды өтеуге 15 мыңнан төлем енгізілді. Оны да осы жерге тиісті мамандар келіп түсіндіреді. Азық-түлік жағынан да көмек қарастырылды», - деді министр. 

Оның атап өтуінше, осындай көп көмектің бірі - төтенше жағдайға байланысты алып жүрген жалақысынан, тауып жүрген табысынан айырылғандарға берілетін 42 500 теңге. - «Сондықтан бұл бөлек төлем болғаннан кейін оның шарттары бар. Негізгі шарты - алып жүрген жалақыңыздан, тауып жүрген табысыңыздан төтенше жағдай салдарынан айырылған жағдайда төленетін төлем», - деді Біржан Нұрымбетов.

«Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық жазаға тартылмайды» - Нұрымбетов
Қызметкер ақысыз демалысқа шықпай 42 500 теңге алса заңсыз болып есептеледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу