Назарбаев: «Біз қолдан келгеннің барлығын жасаймыз»

Oinet.kz 24-04-2020 1356

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz elbasy.kz сайтының хабарламасына сілтеме жасап.

image.png

Бейнеконференция режимінде өткен кездесу барысында коронавирус індетіне қарсы тұрудың стратегиялық мәселелері, сондай-ақ елдің экономикасын қалпына келтіру және елдің дағдарыстан кейінгі даму мәселелері қаралды.

Елбасы жаһандық қауіп-қатер өте алаңдатарлық сценарий бойынша дамып келе жатқанын атап өтті.

- Коронавирустың салдары әлемдік экономиканың аса маңызды жүйелеріне әсер етеді. ХВҚ сарапшылары "Ұлы карантин" туралы айтып, оны Ұлы депрессиямен салыстырады. Олардың айтуынша, жан басына шаққандағы кіріс 170 елде төмендейді. Экономикасы әлсіз елдер қатты зардап шегеді. Сарапшылар осы тоқсанда пандемия мен экономикалық дағдарыс шыңына жетеді деп болжайды. Бұл өнеркәсіптік өндірістің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең терең құлдырауы болады деп күтілуде, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жақын болашақта әлемнің барлық мемлекеттері қиын сынақтарға душар болатынын және одан Қазақстанның да тыс қалмайтынын атап өтті.

- 20 сәуірде тарихта тұңғыш рет мұнай бағасы минуске кетті. Әлемдік нарықтардан тепе-теңдік кетті. Пандемия мен өндірістің жапай құлдырауынан кейін әлемдік қаржы дағдарысы болады деген болжам бар. Келесі кезең – жаһандық азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін. Бұл шиеленістер мен қақтығыстарға әкеледі, - деді Елбасы.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қазақстанның қазірден бастап қабылдаған уақтылы және нақты іс-шаралары қиын кезеңді сәтті еңсеру жолында маңызды болатынын атап өтті.

- Мемлекет басшысы мен Премьер-Министр дағдарысқа қарсы барлық қажетті шешімдерді қабылдады. Елде төтенше жағдай енгізілді, карантин режимі қосылды. Мен ел азаматтарын төтенше жағдай кезіндегі барлық талаптарды орындауға шақырамын. Біздің тарихымызда дағдарыстар бірнеше рет болды. Бірақ бұл ерекше дағдарыс. Біз мемлекет қолдауын әрбір қазақстандық сезінуі үшін біз қолдан келгеннің барлығын жасаймыз. Алайда, енді бірнеше қадамға алға қарау керек. Әлем енді бұрынғыдай болмайды, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Маңғыстауда COVID-19-дан 40 жастағы әскери қызметкер көз жұмды
Назарбаев: «Министрлер мен әкімдер жеке жауап береді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу