Маңғыстауда COVID-19-дан 40 жастағы әскери қызметкер көз жұмды

Oinet.kz 24-04-2020 1942

Маңғыстау облысында коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

image.png

Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте аймақтың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов мәлім етті. Оның айтуынша, Мұнайлы ауданы Батыр ауылының 1980 жылға тұрғыны бүгін, 24 сәуірде көз жұмды.

- "Ер адам 20 сәуірде дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырған соң жедел көмекке жүгінген. Рентген тапсырып, пневмония анықталды. Ол жедел жәрдемге жүгінгенге дейін бір апта өзін нашар сезініпті. Айта кетейік, ер адам екі рет коронавирусқа тест тапсырған. Біріншісі теріс, екіншісі оң нәтиже көрсетті. Ол өңірдегі әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен. Төтенше жағдай кезінде Ақтау қаласын өңдейтін дезинфекторлар тобында болған. Ер адамның отбасы бар, 5 баланың әкесі. Қазір онымен байланыста болған барлық адамдар карантинде жатыр", - деді Ерғали Сыдыманов.

Ауданның бас санитар дәрігерінің айтуынша, науқастармен байланыста болғандардың саны 683 адам, жақын қарым-қатынаста болғандар 161, байланыста болуы мүмкіндер 522 адам. 

Бұдан басқа, бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 15 адам емделіп жатыр. Олардың бірі жасанды тыныс алу аппаратында. Ауырғандардың ішінде бір медицина қызметкері, үш полицей, бір әскери қызметкер, екі зейнеткер және тоғыз жұмыссыз бар.

Қазақстандық танымал педиатр коронавирустан қайтыс болды
Назарбаев: «Біз қолдан келгеннің барлығын жасаймыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу