Қазақстандық танымал педиатр коронавирустан қайтыс болды

Oinet.kz 24-04-2020 9420

Жоғары дәрежедегі педиатр Гүлназым Нұрғалиева 22 сәуірде Алматыда қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

image.png

Нұрғалиеваның күйеуі - хирург, ал тұңғыш ұлы - қалалық № 12 ауруханада травматолог болып жұмыс істейді. Отбасындағылардың айтуынша, 16 сәуірден бастап әкесі мен ұлы каратинде ем алып жатқан.

- "Анамның жүрегі шыдамады. Суық тиюден емдейтін сияқты ем қабылдады. Себебі вирустың ешқандай белгілері болған жоқ. Қайтыс болғанға дейін бір күн бұрын жедел жәрдем келіп кетті, олар да ешқандай белгі байқаған жоқ. Анам қайтыс болмай тұрып, бір сағат бұрын маған хабарласып, барлығы жақсы екенін айтты. Алайда кейін есінен танып қалған. Оны жақындарының және туыстарының қатысуынсыз жерледі. Хаттама бойынша коронавирус жұқтырғандарды осылай жерлейді екен", - деді дәрігердің кенже ұлы Тимур Қуандықов.

«Әйелін шашынан сүйреп, денесін электрошокермен күйдірген»: БҚО-да екі қызы мен әйелін өртеді деп ай
Маңғыстауда COVID-19-дан 40 жастағы әскери қызметкер көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу