Мамырда коронавирус жұқтырғандар саны 5 мыңнан асуы мүмкін

Oinet.kz 29-04-2020 1382

Мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

image.png

Баспасөз мәслихатында алдағы уақытта Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны қаншаға дейін жетуі мүмкін екендігі сұралды. 

- «Жалпы Қазақстан бойынша сәуір айның соңына дейін 3 400-ге жуық оқиғаны болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін коронавирус жұтырудың 5 300-ге тарта оқиғасы тіркелуі мүмкін», - деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында. 

Осы орайда ол бұдан бұрын жасалған болжамға түзетулер енгізілгенін атап өтті. Еске сала кетейік, бір апта бұрын мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін екені айтылған еді. 

Тұрмыстық жемқорлықты жою жолында Түркістан өңірінде тың бастамалар жүзеге асуда
Бір таңбамен берудің фонетикалық негіздері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу