Нұр-Сұлтанда өгей әкесі 4 жасар қызды өлімші етіп сабаған (видео)

Oinet.kz 30-04-2020 1515

Елордада 4 жасар қызды өлімші етіп сабап тастаған, деп хабарлайды zakon.kz.

image.png

Евразия Бірінші арнасына Нұр-Сұлтанның тұрғыны өзімен бұрын бірге тұрған 46 жастағы спортшы жігіттің үстінен шағымданған. Ол әйелдің төрт жасар қызына күрес тәсілдері бойынша күш қолданған. Бетінен бастап сау-тамтығы қалмаған көгеру іздерін ер адам қыздың баспалдақтан құлап кетуімен түсіндірген.

Келіншек баласының өмір бойына есінен кетпейтін жауызбен алты ай жүргенін айтады. Қарым-қатынас тереңдей түскен соң оны бір ай бұрын баласымен таныстырған. Өзінен екі есе үлкен ер адам әйелдің көңіліне жағу үшін бәрін жасаған. Алайда оның осындай қатыгездікке барып, 4 жасар баланы осындай күйге түсіреді деген ой оның өңі түгілі түсіне кірмеген. Ол өзін қорғау үшін ғашығына бала баспалдақтан өзі құлап кетті деп айтқан.

Ол ешқандай да құлаған жоқ! Баламның өзі көрсетті, таяқпен, қолымен қалай ұрғанын айтты. Бұл өте қорқынышты! Мен оған сене алмадым, өйткені бала пәтерден шыққан кезде, осы ғимараттан шыққан. Полициядан көмек сұрадым, олар, керісінше мұның бәрін мені істеді деп өзіме жапты бәрін, - дейді қыздың анасы Виктория.

Баланы байқатпай бұрышқа тұрғызып жүрген, кейін бұл туралы қыздың өзі айтады. Виктория сұқбат беруден қорыққанын да мойындайды, өйткені ер адам баласын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүрлеген, ал бас тартса одан, онда оған "тыныш өмір сүргіздіртпеймін, барлық жерде байланысым бар, 8 жылға түрмеге тығып, көзіңді құртамын" деп қорқытқан.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, 1974 жылғы күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факт бойынша материалдар сотқа шешім қабылдау үшін жіберіледі, - деді елордалық ПД басқармасының бастығы Госман Жакин.

Егер ер адам кінәлі деп танылса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Келіншек болған оқиға үшін өзін кінәлайды, бірақ баласын аяусыз соққыға жыққан қылмыскер жазасын алса деп тілейді. Өйткені, спортшы өз өнерін балаға емес, спортта ғана қолдануы тиіс. Виктория өзі секілді жалғызбасты аналарға өз басындағы оқиғасын көріп, одан сабақ алып, өз қателіктерін қайталамауын қалайды.

Бүгін неміс көсемі Гитлер қаза болған күн
Дариға Назарбаева ұсынған кандидатура Сенатта қолдау тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу