Желіде Сардоба бөгетінің жарылу сәтінің видеосы пайда болды

Oinet.kz 06-05-2020 3248

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарылған сәтінің видеосы желіде таралып жатыр. Экологиялық апат көрінісін өзбек БАҚ-ы жариялаған, деп хабарлайды Oinet тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

news_full158869642124023c0b2360454aecbabcd75d645da1.jpg

Видео тікұшақтан түсірілген болуы керек. Кадрлардан су қоймасының шекарасы мен су жарылған жер көрінеді. 

Бөгеттің бұзылуы салдарынан 276 шаршы шақырым су астында қалды, оның 76-сы Қазақстан территориясына тиесілі. Елде 10 елді мекен су астында қалып, эвакуацияланған тұрғындардың саны 30 мыңнан асты. Тек өсімдік шаруашылығына келтірілген зиян, алдын-ала мәліметтер бойынша, шамамен 404 миллион теңгені құрады.

Қазіргі уақытта Түркістан облысындағы жағдай тұрақтанды. Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендеріндегі су деңгейі төмендеп жатыр. Аудандағы тағы жеті елді мекеннің тұрғындары үйлеріне қайта оралды.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 19 жағдай тіркелді
Коронавирус пандемиясының екінші, үшінші толқыны болуы мүмкін - ғалымдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу